– Здорово! – ответил Аскар и направился в сторону дома.

Отец тоже начал разговор с Даулета. О том, как тот основал конеферму, о его планах и замыслах. Каждый встречный-поперечный рассказывал Аскару про Даулета, будто приехал он не к себе домой и праздник устраивали не в его честь. Хорошо, что позвонила Назик. Аскар впервые обрадовался капризу своей жены, ее требованию немедленно вернуться в город. Он сразу же подошел к родителям.

– Мама, батя, вы простите меня. Назиру на сохранение положили. Ехать надо.

– Так предупредил бы, мы бы той перенесли, – покачал головой отец. – Сразу и рождение внука отметили бы.

Хадиша благословила его и пожелала счастливого пути:

– Жолын болсын, балам!

Аскар решил возвращаться тем же путем, даже если снова услышит знакомый шум мотора. Приближаясь к ущелью, он действительно различил звук мотоцикла, но не Даулета, а своего. Он поднялся на холм и увидел едущего ему навстречу мотоциклиста. Аскар остановил машину и вышел.

Через мгновение рядом с ним притормозил его собственный мотоцикл. Вот и наклейка на корпусе под рулем, стертая, но хорошо различимая. Грязный, весь в пятнах и местами проржавевший мотоцикл выглядел теперь настолько уродливо, что и смотреть не хотелось. Аскар перевел взгляд на мотоциклиста.

– Ассалам алейкум, Аскар-ага! – протянул ему руку веснушчатый подросток.

– Алейкум ассалам! – ответил на рукопожатие Аскар.

– Я Ильяс, ваш племянник, не узнали? – улыбнулся парень.

– А-а, Ильяс, конечно!.. Мотоцикл у тебя откуда?

– Тетя Хадиша отдала, сказала, вам уже не нужен. Или нужен? – растерялся мальчишка.

– Не нужен, зачем мне этот хлам, – успокоил его Аскар. – А ты что здесь делаешь?

– Я на конеферме подрабатываю, тут недалеко. У дяди Даулета, – улыбнулся Ильяс.

Аскар помрачнел, молча развернулся, сел в машину, завел двигатель и покатил к трассе.

<p>Ақпан</p><p>I</p>

Асқардың сарғылт түстің сан реңкін жамылған далаға ентелей қарағанына біраз уақыт болған. Кенет бұлттың етегінен сынып түскен кешкі шапақ далаға шашырай жайылып, күздің алтын бейнесін айшықтап жіберді. Соның әсеріне ілескендей Асқар көліктің әйнегін түсіріп, басын сыртқа шығарды. Бірақ желдің екпіні жасқантып, басын салонға қайта жасыртты. Жағдайды байқап отырған жүргізушісі Болат әйнекті жаба қойды.

Далаға қиялай көз тастап дамылдаған Асқардың ойы енді ауылға ойысты. Ілгеріректе ауылға жолы түскен сайын мотоцикл айдап қайтатын. Соңғы жылдары ауылдан алшақтап кеткенін аңдатқаны ма екен, әкесі сарайда қаңтарулы қалған мотоциклін есіне жиілеу салатын болып жүр. Анасы болса «үлкен қызметкер балаң мұндай ойыншықты ұмытқан болар» деген туыстарын оған жақындатпай, қақпайлап бәйек. Ұлының албырт жас кезінің естелігін ешкімге қиғысы жоқ. Асқар бұл мотоциклмен ес білгелі бірге өскен досы Дәулетпен ауылдың түпкір-түпкірін түгел аралап шыққан. Теміржол стансасына қарай пойызбен де жарысатын онымен. Жазда ауылдың сыртын айналып, тау шатқалдарын мотор дауысымен жаңғыртатын. Түнде далада алау жағып, қыздармен бөліскен сырларына да куә – осы мотоцикл.

Ол кезде Асқар досы екеуі өңірдегі бүкіл қыстақ, жайлау, мазарларды жатқа білетін. Қысқы боран, дауылдан кейін ауылдың көрші-қолаңы Дәулет екеуінен жоғалып кеткен малдарын іздеуді өтінген кездер болды. Олар атқа мініп, жоғалған малды, кейде сіресіп қатып қалған өлекселерді табатын. Ауылдың бақташысы Ережеп бірде оларға мұндай жұмысқа ақы алыңдар деп көп тәлім тастаған. Бұл кеңес екеуіне қатты ұнап, әр малға өз бағасын белгілеп те жіберген. Малға із кесуші болып жүрген сондай бір қысқы түні екеуінің бораннан ығып, жапан далада жартылай қираған мазарда түнеуге мәжбүр болғаны бар. Сол түні Дәулетке аян берді. Ол таң атпай Асқарды оятып, түсінде сол мазарда жерленген аруақты көргенін, ол тезірек шығысқа қарай жүру керек дегенін айтқан. Асқар ештеңе түсінбесе де, досына сенген. Олар асығыс аттарына мініп, шығысқа қарай тартты. Біраздан кейін ауа райы ашылып, жолшыбай жоғалған сиырлары да табылған.

Енді, міне, жып-жылы күздің кешінде джип ішінде қарсы соққан желден қаймығып, танымайтын, бала кезінде бір көрген нағашысынан қолдау іздеп Алматыға келе жатыр.

Депутаттық орынға екі елі қалғанда ұсақ-түйектен қалай сүрінді? Ұсақ-түйек… Кім айтып еді? Дәулет, Дәуке, Дәу… балалық шақтағы досын тағы есіне алып, Асқар еріксіз жымиды. «Біздің ұсақ-түйегіміз – біреуге пайда», – деп еді бірде Дәуке. Өз сөзі ме, әлде атасының аузынан түскен сөз бе? Сонда не болып еді? Есінде жоқ. Не де болса, бүгінгі Асқарға қаратып айтқандай екен.

Бастығының жымиғанын айнадан байқаған жүргізуші:

– Асқар Кәріғұловиш, Алматыда ұзақ боламыз ба? Астанаға қашан қайтамыз? Осы демалыста бауырымның тойы болушы еді. Сізден сұранайын деп едім, – деп бастырмалатып алды.

– Той дейсің бе? Той деген – жақсы нәрсе. Мүмкін, қайтар жолда маған жүргізушінің қажеті болмай қалар, – деп, Асқар қайтадан ойға шомды.

Перейти на страницу:

Все книги серии Zerde Publishing

Нет соединения с сервером, попробуйте зайти чуть позже